Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



Мемлекет пен қоғам бірлесе күрес жүргізуі керек жуктеу

Қуатты өңір – қуатты Қазақстан жуктеу

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Ж. Әмірхановтың  2017 жылғы 31 қаңтардағы алқа мәжілісіндегі баяндамасы жуктеу

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысының 2017 жылдың 27 қаңтарда облыс әкімдігінің мәжілісіндегі баяндамасы жуктеу

 

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының  алқа мәжілісінің

 Хаттамасы

Тараз қаласы  № 1 2017 жылғы 31 қаңтар  

Төрағалық еткен: Б.С. Орынбеков  - облыс әкімінің бірінші орынбасары  

Мәжіліске қатысқандар: облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасарлары,  бөлім басшылары, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары (тізім бойынша)

Күн тәртібі

1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2016 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы және 2017 жылы атқарылатын міндеттері.

Алқа мәжілісінің шешімімен берілген тапсырмалар:

1. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері:

1)  аудандар мен Тараз қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаларының 2016 жылдың қорытындысы бойынша орындалуы туралы есептілікті бірінші басшының қол қоюымен веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастыруды;

3) облысымыздың  373 ауылдық елді мекендерінің дамуына жүргізілетін мониторингтің белгіленген мерзімде, әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

2. Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  2016 жылы мерзімінде іске асырылмаған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 жобаның сметалық құжаттамаларына  түзету жүргізуді қысқа мерзімде аяқтап, тиісті мемлекеттік сараптамасын алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын  жүргізсін. 

3. Облыс әкімдігі  басқармаларының басшылары өздерінің салалары бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысын дамытудың  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы есептілікті уақытылы және сапалы ұсынылуына ерекше назар аударсын.

4. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» жаңа бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға кейінге қалдыру шарты бар екі жобаның Тараз қаласы Шөлдала алқабындағы 900 орынға арналған орта мектеп құрылысы және 300 орынға арналған №24 гимназиясының қосымша құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын қысқа мерзімде алып, ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынуды тапсырамын.

6. Бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік бағдарламалардың сапалы әзірленуін, ондағы тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерінің  орындалуын бақылауда ұстасын.

7. Осы хаттаманың  орындалуын  бақылау   облыс  әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Амангелдіұлы Әмірхановқа жүктелсін.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков