Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

 

            Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген 

жылдарын есептегенде

 теңгеден

 теңгеден

D-O-4

108 306

146 177

D-O-2

   163166

   220682

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 1 бірлік, санаты D-О-2, №05-01-2.

Функционалдық міндеттері: басқарманың идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөліміне, азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөліміне жетекшілік етеді; өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық, конфессияаралық келісімді, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар, басқа да стратегиялық құжаттарды ақпараттық түсіндіру және насихаттау жұмыстарын үйлестіру; өңірде халық бірлігін және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара ықпалдастықты дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру; саяси жоспарлау жұмыстарын жүргізу, азаматтық қоғам институттарын дамыту,  мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру; аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу; өңірдегі ішкі саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;  өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық, конфессияаралық келісімді, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша баяндамалар мен талдамалық ақпараттар дайындау; өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; әдістемелік материалдар мен ұсынымдар әзірлеу; ішкі саясат саласындағы мәселелер бойынша қалалық пен аудандық әкімдіктердің, жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру; Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; басқарманың стратегиялық жоспарларын әзірлеу және оның орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар  немесе білім саласында. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе мәдениеттану немесе тарих немесе филология немесе педагогика және психология.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, 1 бірлік,  D-О-4 санаты, №05-2.

            Функционалдық міндеттері: қаржылық жылға арналған бюджеттік тапсырысты құрастыруға қатысу. Облыстық қазынашылық департаментімен электронды «Банк-Клиент» бағдарламасы арқылы қаржылық операцияларды жүргізу. Банк құжаттарын әзірлеу, еңбекақы және басқа да төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдарды, әлеуметтік салықтарды есептеу және аудару. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес келісім-шарттарды дайындап қазынашылық органдарында уақтылы тіркеумен қоса, тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге қаржыларды уақтылы аударып, есеп айырысуды қамтамасыз ету. Әлеуметтік салық, әлеуметтік аударым, қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын ағымдағы төлемақы, табыс салығы бойынша декларацияларды салық комитетіне уақтылы тапсыру. Облыстық статистика мекемесіне тауарлық-материалдардың айналымы, айлық жалақы туралы есептерді ұсыну. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға қатысу, басқарманың мемлекеттік сатып алулары бойынша есептіліктерін жасау, қаржы басқармасына өткізу. Басқармадағы тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және кеңсе тауарларын қабылдап, басқарма қызметкерлеріне таратып отыру және өз уақытында есептен шығару актілерін әзірлеу. Негізгі құралдардың, құндылығы төмен және тез тозатын заттардың есебін жүргізу, активтер  бойынша тозуды есептеу, тозығы жеткен негізгі құралдарды есептен шығарып отыру. Белгіленген ережеге сәйкес негізгі қорлардың және  тауарлық-материалдық құндылықтардың инвентаризациясын жасауды жүргізу. Кассалық операцияларды жүргізу, кассалық есеп жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.        

3. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы,  D-О-4 санаты, 1 бірлік, №5-3.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындау; орындауды қамтамасыз ету, басқарма басшысының тапсырмаларын орындау.  Қазақстан Республикасы салалық бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Тұрғын-үй қоры нысандарында құрылыс пен қайта жаңғырту жұмыстарымен айналысатын мердігерлік кәсіпорындардың жұмыстарын орындалу барысын үйлестіру және мониторинг жасау; тұрғын-үй қорын және инженерлік жүйелерді жылыту маусымына дайындау жұмыстарын жүзеге асыру; тұрғын-үй қорына жүргізілетін терможаңғырту, энергоаудит жұмыстарына, инженерлік коммуникацияларын пайдаланылу және жөндеу жұмыстарына, кондоминиум нысандарын құру жұмыстарына, пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметтеріне, көп қабатты тұрғын үйлердің ортақ үйлік мүліктерін жөндеу жұмыстарына, мемлекеттік тұрғын-үй қорынан әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға тұрғын жай беру мәселелері бойынша мониторинг жүргізу; облыс аумағындағы елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру мәселелерін үйлестіру және мониторинг жасау; қоқыс тазартумен және абаттандырумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын мониторингілеу;  тұрғын-үй нысандарын жылыту маусымына дайындау туралы штаб мәжілісіне, сонымен қатар, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселелері бойынша облыстық кеңеске құжаттарын дайындау.  Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында.  Мамандығы: қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика. 

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңнын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________

____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.