Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



19 Шілде 2017 | ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

-               Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;

-               зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;

-               мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;

-                мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;

-                дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;

-               заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;

-               заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.) орындаудан бас тартады;

-               медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;

білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.