Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



amirhanov

Жомарт Амангелдіұлы ӘМІРХАНОВ

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылында 1981 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 

2003 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Егіншілік департаментінің өсімдік шаруашылығы және астық рыногын нормативтік қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР АШМ-нің Егіншілік департаментінің агротехникалық саясат басқармасының тұқым шаруашылығы және сорт сынау бөлімінің және егіншілікті дамыту бөлімінің жетекші маманы, бас маманы лауазымдарын атқарған.

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығындарын жоспарлау департаменті Агроөнеркәсіп кешені және қоршаған ортаны қорғау басқармасының агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бас маманы, аталған министрліктің Экономика секторын дамыту департаменті Өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттандыру, көлік коммуникациясы басқармасының өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бастығы, аталған министрліктің Экономика саласын дамыту департаменті Отын-энергетикалық, өнеркәсіп, құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық салаларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, бастығы және аталған департаменттің құрылысты, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.   

2010 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің Аумақтық даму басқармасының бастығы.   

2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік   жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылдың 30 қазанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы лауазымын атқарады.

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-23-85.

 

nurgitova

Нүрипа Молдиарқызы НҰРЖІГІТОВА

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары

         Жамбыл облысы, Луговое ауданы, Луговое ауылында 1959 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ.          1981 жылы Қазақтың мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту Орденді ауылшаруашылық институтын өндіріс экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.  

         Еңбек жолын 1981 - 1983 жылдары Ленин атындағы бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясына қарасты Қазақстың ғылыми-зерттеу институтының ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және экономика бөлімінде  экономист болып бастаған.

1983 – 1997 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы «Асса» қызылша совхозының экономисті, аға және бас экономисті лауазымдарын атқарған.

         1997-2010 жылдар аралығында Жамбыл облыстық экономика басқармасының бөлімдерінде бас маман, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.

         2010 жылдың 20 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқаруда.

         Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-49-99.

 

SAM_3141

Сандугаш Ермахановна Абдралиева

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары

 1981 жылы 19 маусымда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін менеджер мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылдың 23 сәуірде Жамбыл облысы әкімінің экономика басқармасының аймақтардың дамуын ақпараттық талдау және жинақтау бөліміне жетекші маман болып қабылданып,                      2003 жылдың 21 тамызында осы бөлімге бас маман лауазымына ауыстыру тәртібімен тағайындалды.

Осы уақыттан бастап 2010 жылға дейін басқарманың агроөнеркәсіп кешенін жоспарлау, экология және табиғатты пайдалану бөлімінің бас маманы, күрделі құрылысты, бюджеттік инвестицияларды жоспарлау бөлімінің бас маманы, инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, инвестициялық саясат және экономикалық сараптама бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарды.

2010-2014 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жинақтау талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2014 жылдың 22 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.

 Үйленген, екі баланың анасы.

 Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-95-52.