Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына

30-қосымша

Жамбыл облысы бойынша 2016 жылғы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансфертеріне қосымша қаржыландыру есебінен іске асырылатын жобалар мониторингі бойынша есепке жиынтық анықтама

2016 жылы жалпы құны 53 813 375,5 мың теңгеге 225 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға  барлығы 25 333 281,4 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: республикалық бюджеттен (РБ) – 14 632 859,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен (ЖБ) – 10 700 422,4 мың теңге бөлінді (859 098,9 мың теңгеге 105 жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді). 2017 жылдың 1 қаңтарына 25 194 331,4 мың теңге (РБ – 14 583 175,6 мың теңге, ЖБ – 10 611 155,9 мың теңге) немесе 99,5% игерілді. 

Бүгінгі таңда 68 жоба пайдалануға берілді, 52 жоба 2017 жылға өтпелі болып табылады және 1 жобаның құрылысы мердігерлер кінәсінен тоқтап тұр.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» бөлімі бойынша 2 жобаға ЖСҚ дайындау үшін жергілікті бюджеттен 21 961,0 мың теңге қаражат бөлініп, 21 388,9 мың теңгесі немесе 97,4% игерілді. Бір жоба бойынша ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды және 1 жоба   мердігерлер кінәсінен мерзімінде орындалмай отыр. Мердігер компания сотқа берілді.

 «Білім беру» бөлімі бойынша жалпы құны 10 287 685,0 мың теңгені құрайтын 47 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 6 281 328,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 3 861 544,0 мың теңге және ЖБ – 2 419 785,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 6 275 826,9 мың теңгесі (РБ – 3 861 544,0 мың теңге, ЖБ – 2 414 282,9 мың теңге) немесе 99,91% игерілді.

2016 жылы 15 жоба пайдалануға берілді, 6 жоба 2017 жылға өтпелі болып табылады.

Сонымен қатар, 26 жоба бойынша ЖСҚ дайындалып, 17 ЖСҚ-ға  МС қорытындысы алынды және 9 ЖСҚ 2017 жылға өтпелі.

«Денсаулық сақтау» бөлімі бойынша жалпы құны 3 349 694 мың теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 1 825 346,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 1 241 611,0 мың теңге және ЖБ – 583 735,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 1 824 617,0 мың теңгесі (РБ – 1 241 611,0 мың теңге, ЖБ – 583 006,0 мың теңге) немесе 99,96% игерілді.

2016 жылы 9 жоба пайдалануға берілді, 15 жоба бойынша ЖСҚ дайындалып, 14 жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды және 1 жоба   мердігерлер кінәсінен мерзімінде орындалмай отыр. Мердігер компания сотқа берілді.

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бөлімі бойынша келесі жобалар іске асырылды:

Газдандыру бойынша жалпы құны 2 095 303,0 мың теңгені құрайтын 6 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 306 091,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 268 638,0 мың теңге және ЖБ – 37 453,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 306 087,1 мың теңгесі (РБ – 268 637,0 мың теңге, ЖБ – 37 450,1 мың теңге) немесе 99,99% игерілді.

2 жоба пайдалануға беріліп, 5 жоба бойынша ЖСҚ дайындалып, 4 ЖСҚ-ға  МС қорытындысы алынды және 1 ЖСҚ 2017 жылға өтпелі болып шықты.

Жылу энергетикалық жүйелер бойынша жалпы құны 3 713 294,0 мың теңгені құрайтын 9 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 3 666 631,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 3 600 835,0 мың теңге және ЖБ – 65 796,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 3 666 631, мың теңге немесе 100,0% игерілді.

1 жоба пайдалануға беріліп, 6 ЖСҚ  дайындау 2017 жылға өтпелі болып шықты.

Тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы құны 8 136 127,8 мың теңгені құрайтын 18 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 4 629 265,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 718 030,0 мың теңге және ЖБ – 3 911 235,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 4 609 591,9 мың теңгесі (РБ – 698 791,0 мың теңге, ЖБ – 3 910 800,3 мың теңге) немесе 99,57% игерілді.

Осы қаражат есебінен 3 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 10 жоба 2017 жылға өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, 5 жоба бойынша ЖСҚ дайындалып, 1 ЖСҚ-ға  МС қорытындысы алынды және 4 ЖСҚ 2017 жылға өтпелі болып шықты.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жалпы құны 11 474 000,0 мың теңгені құрайтын 34 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 3 857 315,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 2 765 103,0 мың теңге және ЖБ – 1 092 212,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 3 766 492,8 мың теңгесі (РБ – 2 735 322,4 мың теңге, ЖБ – 1 031 170,4 мың теңге) немесе 97,64% игерілді.

Осы қаражат есебінен 11 жоба пайдалануға беріліп, 23 жоба 2017 жылға өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, 9 жоба бойынша ЖСҚ дайындалып, 4 ЖСҚ-ға  МС қорытындысы алынды және 5 ЖСҚ 2017 жылға өтпелі болып шықты.

Коммуналдық шаруашылық бойынша жалпы құны 327 784,0 мың теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыруға 2016 жылы жергілікті бюджеттен 224 446,5 мың теңге бөлініп, 224 435,3 мың теңгесі немесе 99,99% игерілді.

2016 жылы 11 жоба пайдалануға беріліп, 2 жоба 2017 жылға өтпелі.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бөлімі бойынша жалпы құны 2 365 174,7 мың теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыруға 2016 жылы жергілікті бюджеттен 450 215,0 мың теңге бөлінді, 2017 жылдың 1 қаңтарына оның 449 493,4 мың теңгесі немесе 99,84% игерілді.

2016 жылы 4 жоба пайдалануға беріліп, 1 ЖСҚ-ға  МС қорытындысы алынды және 2 ЖСҚ дайындау 2017 жылға өтпелі болып шықты.

Сумен қамту және су бұру бойынша  2016 жылы барлығы 1 198 008,9 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 677 098,0 мың теңге және ЖБ – 520 910,9 мың теңге бөлініп, келесі жобалар іске асырылды:

- қалаларды сумен қамту бойынша жалпы құны 2 530 546,0 мың теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 198 745,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 191 813,6 мың теңгесі немесе 96,5% игерілді.

«Тараз қаласында "Бурыл А,Б,В" тұрғын үй алқабында су апару және су құбыры желілерінің құрылысы» жобасы мердігерлер кінәсінен аяқталмай отыр, іс сотқа тапсырылды. Қалған 3 жоба 2017 жылға өтпелі.

- АЕМ сумен қамту бойынша жалпы құны 4 153 096,0 мың теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 952 678,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 677 098,0 мың теңге және ЖБ – 275 580,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 952 657,7 мың теңгесі (РБ – 677 098,0 мың теңге, ЖБ – 275 559,7 мың теңге) немесе 99,99% игерілді.

2016 жылы 4 жоба пайдалануға беріліп, 3 жоба  2017 жылға өтпелі болып табылады.

Сонымен қатар, 13 жоба бойынша ЖСҚ дайындалып, 1 ЖСҚ-ға  МС қорытындысы алынды және 12 ЖСҚ 2017 жылға өтпелі болып отыр.

«Ауыл шаруашылығы» бөлімі бойынша 2016 жылы 8 жобаға ЖСҚ дайындау үшін жергілікті бюджеттен 1 841,0 мың теңге қаражат бөлініп, 1 834,0 мың теңгесі немесе 99,62% игерілді. Барлық ЖСҚ-ға  МС қорытынды алынды.

Табиғи іс-шаралар бойынша 2016 жылы 6 жобаға ЖСҚ дайындау үшін жергілікті бюджеттен 18 999,0 мың теңге қаражат бөлініп, 17 995,4 мың теңгесі немесе 94,72% игерілді. 5 ЖСҚ-ға  МС қорытындысы алынды және 1 ЖСҚ дайындау 2017 жылға өтпелі болып отыр.

«Көлік және коммуникация» бөлімі бойынша жалпы құны 3 608 340,0 мың теңгені құрайтын 11 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 2 103 381,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 1 100 000,0 мың теңге және ЖБ – 1 003 381,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 2 102 036,6 мың теңгесі (РБ – 1 100 000,0 мың теңге, ЖБ – 1 002 036,6 мың теңге) немесе 99,94% игерілді.

2016 жылы 4 жоба пайдалануға беріліп, 3 жоба 2017 жылға өтпелі болып отыр.

«Басқалары» бөлімі бойынша 2016 жылы 748 452,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына оның 743 829,2 мың теңгесі немесе 98,38% игерілді. Бұл қаражатқа келесі жұмыстар жүргізілді.

Тараз қаласында ескерткіш орнатуға жергілікті бюджеттен 99 816,0 мың теңге бөлініп, оның 99 315,2 мың теңгесі немесе 99,5% игерілді. Жоба 2017 жылға өтпелі болып отыр.

Талас ауданы Тамды өзенінің арнасын реттеу  үшін және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын қайта жаңғыртуға және құрылысын салуға жергілікті бюджеттен 7 700,0 мың теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Жоба құрылысы 2017 жылы аяқталады.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы құны 1 598 256,0 мың теңгені құрайтын 12 жобаны іске асыруға 2016 жылы барлығы 640 936,0 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде: РБ – 400 000,0 мың теңге және ЖБ – 240 936,0 мың теңге бөлініп, 2017 жылдың 1 қаңтарына 636 814,0 мың теңгесі (РБ – 399 336,6 мың теңге, ЖБ – 237 477,4 мың теңге) немесе 99,36% игерілді.

2016 жылы 8 жоба пайдалануға беріліп, 4 жоба 2017 жылға өтпелі болып отыр.

жуктеу

Жамбыл облысы әкімдігінің

экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов