Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



20 Маусым 2019 | Құрметті Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері!

 

23 маусым Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуіне орай басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында «Менің мемлекеттік қызметтегі жолым», «Мемлекеттік қызметке қалай келдім», «Мемлекеттік қызметші болуымның себебі» тақырыбындағы үздік эссе конкурсы өткізілетіндігін хабарлаймыз!

24 Мамыр 2019 | Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Жұмыскердің әлеуметтік жауапкершілігі

Зиянды өндірістегі жұмыс адам денсаулығына нұқсан келтіретіндігі бәсенеден белгілі. Сондықтан бұл шетін мәселеде жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі өте маңызды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көрсетілген жұмыскерлердің пайдасы үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – Қор) агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл жарналар зиянды еңбек жағдайы үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына аударатын өтемақысы.

24 Мамыр 2019 | Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтары бар адам зейнеткерлік жасқа толған кезде оның зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, шотындағы жинақ ақша осы шотқа енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер алушының Қордағы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

24 Мамыр 2019 | 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

24 Мамыр 2019 | 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.           

24 Мамыр 2019 | «Бес сұрақ» айдары

Мен таяуда декреттік демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс беруші менің зейнетақы қорындағы шотыма әрі қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге бюджет есебінен субсидия бөлінетіндігін естідім. Осы рас па?

 

«Субсидия» деген сөз мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі дегенді білдіреді. Бұл жерде әңгіме «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларымен» бекітілген және бала күтімімен үйде отырған аналарға қолдау көрсету үшін енгізілген.

24 Мамыр 2019 | 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,43 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 209,5 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

18 Сәуір 2019 | БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебін өткізеді

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен төртінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар». 

15 Сәуір 2019 | «БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жылдан асты. Осы жылдар ішінде ол талай сыннан өтті. Бүгінде жүйе заман талабына сай жемісті жұмыс істеп келеді және болашағы айқын.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының бірыңғай операторы. Оның қызметі ашықтық және айқындылық қағидаларына негізделген.

Беттер: 1 2 3