Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



 amirhanov

Құрметті сайтқа келушілер !

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сайтында Біз, Сіздермен жолыққанымызға қуаныштымыз !

Жобаның мақсаты экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасының қызметтері туралы қызықтырған деректерді мүдделі пайдаланушыларға жол ашуда түпкілікті мүмкіндік беру болып табылады.

Басқармамыздың жұмысы экономикалық, бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару функцияларын атқаруға, Жамбыл облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді жүзеге асыруға бағытталған.

Сайтта облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы және облыстық бюджеттің негізгі параметрлері туралы жеткілікті толық мәліметтерді таба аласыздар.

Көлемі ауқымды мәліметтерді жариялау мүмкіндігі бар Басқарма сайтының жаңа нұсқасын жариялай отырып, біз пайдаланушылармен тығыз байланыста боламыз деген сенімдеміз.

Құрметпен,
басқарма басшысы                                      Ж.А.Амирханов

16 Желтоқсан 2015 | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне аналған салтанатты жиын өтті. Басқарма басшысы Ж.Әмірханов еліміздің Тәуелсіздік алған жылдары жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

21 Тамыз 2015 | «Мектепке жол» акциясы

2015 жылдың 21 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы «Мектепке жол» акциясы аясында Тараз қаласындағы орта мектептерінің жетім, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының 7 оқушысына оқуға қажетті заттар сыйлады (сөмкелер, кеңсе заттары және т.б.).

30 Наурыз 2015 | Велошеруге қатысты

2015 жылдың 29 наурызында «Біз Елбасымен біргеміз !» атты Тараз қаласы тұрғындары арасында велошеру өтті. Оған Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері де қатысты.  

20 Наурыз 2015 | Сенбілік

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы ағымдағы жылдың 14, 17 және 28 наурызында Д. Қонаев көшесінің бойында сенбіліктер өткізді. Қызметкерлер сенбілікте талдар мен бордюрлерді әктеп, электр бағаналарын сырлап және қоқыстарды тазалап қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.

9 Наурыз 2015 | 8 наурыз

8 наурыз, Халықаралық әйелдер күніне орай ағымдағы жылдың 6 наурызында басқарманың ер азаматтары ұжымдағы нәзік жанды әріптестерін мерекемен құттықтап, бағалы сыйлықтар сыйлады.

6 Наурыз 2015 | ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында

ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында 8 – наурыз, Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұжым атынан басқарманың жауапты қызметкері ҰОС-ның ардагері Анна Георгиевна Попованы құттықтады және оған бағалы сыйлықтар тарту етті.  

31 Желтоқсан 2014 | Ұлы Отан Соғыс ардагерлерін құттықтау

  Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшылығы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әрбір Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдауды қамту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына орай ардагер Жанәлі Мұрат Елубайұлын Жаңа жыл мерекесімен Елбасының атынан құтықтап, жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.

30 Желтоқсан 2014 | Жаңа жылдық сыйлық

   Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының ұжымы әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы жағдайы төмен жанұялар мен мүгедек, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма балаға жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті.

Беттер: 1 2 3 4 5