Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



 

Құрметті сайтқа келушілер !

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сайтында Біз, Сіздермен жолыққанымызға қуаныштымыз !

Жобаның мақсаты экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасының қызметтері туралы қызықтырған деректерді мүдделі пайдаланушыларға жол ашуда түпкілікті мүмкіндік беру болып табылады.

Басқармамыздың жұмысы экономикалық, бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару функцияларын атқаруға, Жамбыл облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді жүзеге асыруға бағытталған.

Сайтта облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы және облыстық бюджеттің негізгі параметрлері туралы жеткілікті толық мәліметтерді таба аласыздар.

Көлемі ауқымды мәліметтерді жариялау мүмкіндігі бар Басқарма сайтының жаңа нұсқасын жариялай отырып, біз пайдаланушылармен тығыз байланыста боламыз деген сенімдеміз.

Құрметпен,
басқарма басшысы                                     Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова

7 Қыркүйек 2016 | Велошеру өтті

2016 жылдың 04 қыркүйегінде Тараз қаласында «Достық» орталық алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыс тұрғындары арасындағы «Тәуелсіздік – тірегім!» атты велошеру өтті. Оған Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері де қатысты.  

2 Қыркүйек 2016 | «Мектепке жол» акциясы

2016 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы «Мектепке жол» акциясы аясында Тараз қаласындағы № 10 орта мектебінің жетім, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының 4 оқушысына оқуға қажетті заттар сыйлады (сөмкелер, кеңсе заттары және т.б.).

8 Тамыз 2016 | Құқықтық оқу семинары өткізілді.

2016 жылдың 22 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттінің жауапты өкілі Серік Айдарұлы Әлібековтің  қатысуымен Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру туралы құқықтық оқу-семинары өтті.  

8 Тамыз 2016 | ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында

ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында 6 – шілде, Астана күні мерекесі қарсаңында ұжым атынан басқарманың жауапты қызметкері ҰОС-ның ардагері Анна Георгиевна Попованы құттықтады және оған бағалы сыйлықтар тарту етті.

25 Мамыр 2016 | 2016 жылдың 21 мамырында мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті

2016 жылдың 21 мамырында мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті. Спартакиадаға облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы спорттың төрт түрінен қатысты. Басқарманың жинақтау-талдау бөлімінің бас маманы Марат Маратұлы Жарбұлов спорттың армрестлинг түрінен 2-ші орын алды.  

25 Мамыр 2016 | Сенбілік

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Д.Қонаев көшесінің бойында сенбілік өткізді. Қызметкерлер сенбілікте талдар мен бордюрлерді әктеп, электр бағаналарын сырлап және арықтардағы қоқыстарды тазалап, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.   

25 Мамыр 2016 | ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында

ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында 8 – наурыз, Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұжым атынан басқарманың жауапты қызметкері ҰОС-ның ардагері Анна Георгиевна Попованы құттықтады және оған бағалы сыйлықтар тарту етті.  

25 Мамыр 2016 |

8 - наурыз, Халықаралық әйелдер күніне орай ағымдағы жылдың 5 наурызында басқарманың ер азаматтары ұжымдағы нәзік жанды әріптестерін мерекемен құттықтап, бағалы сыйлықтар сыйлады.

25 Мамыр 2016 | Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму туралы

2016 жылдың 12 мамырында басқарма басшысы Ж.Әмірханов облыс әкімі бекіткен 2016 жылға арналған Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшыларының студенттік жастар арасында өткізілетін лекцияларының кестесіне сәйкес Тараз техника және бизнес колледжінің студенттері алдында «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму туралы» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру» тақырыбында лекция оқыды.

25 Мамыр 2016 | Мемлекет пен қоғам бірлесе күрес жүргізуі керек

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын күшейту мақсатында облыстық «Ақ жол» газетінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 11 нөмірінде басқарма басшысының «Мемлекет пен қоғам бірлесе күрес жүргізуі керек» деген мақаласы жарияланды.

Беттер: 1 2 3 4 ...