Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

19 Сәуір 2020 | Ақпарат

WhatsApp Image 2020-04-19 at 13.38.30Жамбыл облысында Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы бағдарламасы аясында жалпы құны 56,163 млрд. теңгені құрайтын 690 ифрақұрылымдық жобалар тізімі іріктелді. Оның ішінде 40,53 млрд. теңге облигация есебінен жүзеге асырылатын жобалар, 15,63 млрд. теңге ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын жобалар.

Инфрақұрылымдық жобалардың келесі 4 бағыт бойынша әзірленді:

1) Әлеуметтік-мәдени нысандарға жататын 180 жобаға (білім – 86, денсаулық сақтау – 14, мәдениет – 7, спорт – 33, тұрғындарға қызмет көрсету – 27, әлеуметтік қамсыздандыру - 13) 11,2 млрд.теңге қаралып отыр.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарына жататын  174 жобаға (тұрғын үй, жатақхана – 41, су – 51, кәріз жүйесі – 3, газбен жабдықтау жүйесі – 25, жылу жүйесі – 17, электрмен жабдықтау - 37) 23,9 млрд.теңге қаралып отыр.

3) Инженерелік-көлік инфрақұрылымдық нысандарына жататын  213 жобаға (қала жолдары – 4, ауыліші жолдары – 138, кіреберіс жолдар – 5, жаяу жүргіншілер жолы – 10, плотиналар – 9, дамбалар мен көпірлер–3, каналдар – 41, су шаруашылығы нысаны - 3) 16,7 млрд.теңге қаралып отыр.

4) Елді мекендерді абаттандыру нысандарына жататын 123 жобаға (аулаларды абаттандыру – 22, көшелерді жарықтандыру – 26, көшелерді көгеріштендіру – 3, саябақтар мен скверлерді абаттандыру – 20, қоршаулар орнату – 13, балалар ойын және спорт алаңдарын абаттандыру – 9, спорт алаңдарын абаттандыру - 30) 4,3 млрд.теңге қаралып отыр.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 18745 мың  уақытша (1119 тұрақты) жұмыс орны құрылып, оның 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы тартылатын болады.

Жамбыл облысы бойынша экономикалық белсенді тұрғындар саны 534 мың адамды немесе жалпы облыс халқының 47,2 пайызын (1131 мың адам)  құрайды, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 176,4 мың адам (ҚР өңірлері арасында 15 орын).