Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

6 Қаңтар 2020 | Жамбыл облысының 2019 жылдың қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-қарашасында 429,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 106,3%. 

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  8,4% (50,0 млрд. тенге), өңдеу өнеркәсібінде – 7,0%-ға (319,5 млрд.теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 2,2%-ға (56,0 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 6,3%-ға (3,8 млрд. тенге) өсуі байқалады.

2019 жылы ИИДМБ аясында инвестиция көлемі 11,9 млрд. теңгеге  693 жаңа жұмыс орны құрылатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда  оның ішінде жалпы құны 4504,3 млн. теңгеге 3 инвестжоба іске асырылып, онда  17 жаңа жұмыс орны құрылды  («Кордайский молочный продукт» ЖШС – балмұздақ өндіретін жаңа автоматтандырылған желіні енгізу, «GREENWILL» ЖШСаквапоника технологиясы негізінде алғашқы өңделетін салат дақылдары мен балықтарды өндіру, «Super-pharm» ЖШС – медициналық мақсаттағы бір реттік қолданылатын бұйымдарды өндіретін зауыттың өндірістік корпусының құрылысы).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2019 жылдың қаңтар-қарашасында  299,3 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 104,6%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 178,5 млрд. теңге (НКИ – 105,5%), мал шаруашылығы – 119,9 млрд. теңге (НКИ – 103,3%).

2019 жылы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 15046,6 млн. теңге субсидия қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен - 5898,4 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 9148,2 млн.теңге бөлінді. 2019 жылғы 1 желтоқсанға жалпы 13 099,7 млн. теңге (оның ішінде 4758,7 млн. теңге - республикалық бюджеттен,  8341,0 млн.теңге - облыстық бюджеттен) игерілді.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық дақылдары 687,2 мың га алқапқа егілді немесе 2018 жылдан  18,1 мың га артық. Масақты дәнді дақылдардың жалпы өнімі 763,2 мың тоннаны құрады. Облыс бойынша дәнді дақылдардың орташа түсімділігі 24,1 ц/га-ды құрайды.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 111,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2018 жылдың қаңтар-қарашасына 104,1%, сүт -  296,2 мың тонна (102,7%), жұмыртқа – 124,6 млн. дана (102,9%).

МІҚ саны өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 379,3 мың басты құрады, қой  -  3,8%-ға (2676,5 мың бас), жылқы – 7,9%-ға (124,5 мың бас), түйе – 8,4%-ға (7,1 мың бас), құс – 7,3%-ға (1602,6 мың бас).

Шағын және орта кәсіпкерлік. Алдын ала мәліметтер бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 желтоқсанға 69,6 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 110,2%-ды құрады.

2019 жылдың қаңтар-маусымында шағын және орта кәсіпкерлікпен өндірілген өнім көлемі 167,0 млрд. теңгені (100,0%), 2019 жылдың  1 шілдесіне жұмыспен қамтылғандар саны – 124,7 мың адамды (107,8%) құрады.

Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі 81,2%-ды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 103,6 млрд. теңгені құрайтын 1723 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы  86,7 млрд.теңгені құрайтын 1006 жоба (2019 жылдың қаңтар-қарашасына 5,0 млрд. теңгеге, 113 жоба).

  «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы кепілдік сомасы 4,7 млрд. теңгені құрайтын 396 жоба жүзеге асырылуда (2019 жылдың қаңтар- қарашада  – 905,5 млн.теңгеге, 67 жоба).

 «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 11,6 млрд. теңгеге 99 жоба іске асырылуды (2019 жылдың қаңтар-қарашада, 429,1 млн.теңгеге 10 жоба).

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша Аймақтық үйлестіру Кеңесімен 499,3 млн. теңге сомасына 222 жоба қаржыландыруға мақұлданды.

ҚР қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың қаңтар-қазанында 306,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылдың қаңтар-қазанына 90,4%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 165,4 млн. АҚШ доллары (100,3%), импорт –  140,8 млн. АҚШ доллары (81,0%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты – 24,6 млн. АҚШ доллары.

2019 жылдың қаңтар-қарашада бөлшек сауда айналымының көлемі 266,7 млрд.  теңгені құрап, 2018 жылдың қаңтар-қарашада салыстырғанда 4,3%-ға өсті. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 221,8 млрд. теңге сомасында қалыптасып 12,4%-ға өскен.

Көлік. 2019 жылдың қаңтар-қарашада көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңімен салысырғанда 100,0% немесе     90,8  млн. тонна, жолаушылар тасымалдау – 5,8%-ға (958,7 млн. адам), жүк айналымы – 7,2%-ға (2671,6 млн. тн.км), жолаушылар айналымы 4,6%-ға (7548,9  млн. жолаушы км) ұлғайды.

Инвестиция. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 250,1 млрд.теңгені құрап, 10,5% - ға өсті. Өсім Меркі-Бурылбайтал республикалық маңызы бар жол құрылысына инвестиция тарту, сондай-ақ "Алтын Алмас"АҚ облыстық филиалының жабдықтарын сатып алу және жапсарлас ғимараттар салу, Шу ауданында күн электростанциясының құрылысына инвестиция тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 93,8 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 101,9% құрады. Өсім Республикалық маңызы бар жолдар құрылысы есебінен және Сарысу ауданында жел электростанция құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.

Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 484,2 мың шаршы метрді  құрап,  2018 жылдың тиісті деңгейіне 102,2%-ды құрады.         

  2019 жылдың қараша айында инфляция деңгейі 2018 жылдың желтоқсанына 4,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары  8,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 4,2%-ға көтерілді, ал ақылы қызметтер тұрақты болып қалыптасты.

  Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР - 4,7%).

  2019 жылдың қараша айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың  қазан айына қарағанда 100,8%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 101,3%, азық-түлік емес тауарлары бойынша – 100,6%,  ақылы қызметтер – 100,4%.

  Азық-түлік тауарлар тобы бойынша 2019 жылдың қараша айында  нан бағасы 4,8%-ға қымбаттауы байқалды, жармалар – 3,9%-ға (оның ішінде тары - 5,2%-ға, қарақұмық - 4,8%-ға, ұнтақ - 3,5%-ға, арпа - 3,3%-ға),  жұмыртқа - 3,7%-ға,  көкөніс  - 3,6%-ға (оның ішінде қызанақ- 40,6%-ға, қияр 31,8%-ға, тәтті бұрыш - 8,6%-ға, қызылша - 2,9%-ға), макарон өнімдері - 3,0%-ға,  ұн - 2,9%-ға,  ет, балық және теңіз өнімдері - 1,4%-ға,  жеміс- жидектер – 1,1%-ға, сүт өнімдері – 0,9%-ға (оның ішінде шикі сүт - 5,5%-ға),  май және тоң майлар - 0,5%-ға  қымбаттады.

  Сәбіз бағаларының 4,3%-ға, картоп - 2,6%-ға, қант - 1,4%-ға, күріш – 1,0%-ға  төмендегені  байқалады.

Азық - түлік емес тауарлар тобы бойынша өсімдіктер мен гүлдерге - 3,7% - ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға-1,0% - ға, тұрмыста және бағбандықта пайдаланылатын құралдар мен техникаға - 0,9% - ға, киім және аяқ қиім - 0,8%-ға, шыны бұйымдарға және үй керек-жарақтарына, фармацевтикалық өнімдерге, қатты отынға - 0,6% - ға бағалар өсті.

    Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылғы қарашада аяқ киім жөндеу бойынша қызметтер - 4,2% - ға, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтері, аудиовизуалды жабдықтарды, фотоаппаратураларды және ақпаратты өңдеуге арналған жабдықтарды жөндеу - 2,3% - ға, тұрғын үй үшін нақты жалдау ақысы - 2,0% - ға, тұрғын үй - жайларды ағымдағы ұстау және жөндеу бойынша қызметтер - 1,6% - ға, амбулаториялық қызметтер - 0,6% - ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 0,4% - ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,1% - ға (оның ішінде жергілікті теміржол көлігі - 7,1% - ға, алыс қашықтыққа автомобиль көлігі - 4,6% - ға, такси-2,8% - ға) өсті.

Сонымен қатар, әуе жолаушылар көлігімен жол жүру 22,3% - ға, ұзақ қашықтыққа жолаушылар теміржол көлігімен - 1,4% - ға арзандады.

Салықтар. 2019 жылғы қаңтар-қарашадағы мемлекеттік бюджетке
86,3 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 106,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 26,2 млрд.теңге (101,5%), жергілікті бюджетке – 60,1 млрд.теңге (108,6%).

2019 жылғы 1 желтоқсанға берешек сомасы  2,7 млрд. теңге құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 85,2%-ды құрады.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала. 2019 жылдың қаңтар-қарашасында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде және жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 41483 адам қамтылды. Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға жұмысқа орналасқандар - 1681 адам, мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына - 19531 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1538 адам, жастар практикасымен – 2445 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен –
5168 адам қамтылды, қысқа мерзімдік оқытудан – 3322 адам және кәсіпкерлік оқытудан 2789 адам өтті.

2019 жылдың  қаңтар-қарашасында жаңадан 18844 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 13209. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жұмысқа тұрғызу үшін жүгінген 35501 адамның 26734 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2019 жылдың 3 тоқсанына 127819 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 15,2%-ға, нақты – 9,2%-ға артқан.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы  2019 жылдың 2 тоқсанында 71365 теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,9%-ға, нақты – 12,2%-ға өсті.

2019 жылдың 1 желтоқсанына 19237,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау  207,5  мың азаматқа көрсетілді, оның ішінде 19004,5 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 178,1 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 54,6 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2019 жылы бюджеттен 133,8 млрд. теңге қарастырылып, 2019 жылдың 1 желтоқсанға 121,2 млрд. теңге немесе есепті кезең жоспарының 99,8% игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 3,5 млрд.теңге қарастырылған (оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 2,3 млрд. теңге).

2019 жылдың 1 желтоқсанына  республикалық бюджет қаражаты есебінен Шу ауданы Шу қаласындағы Тоғай алқабында Сыпатай батыр көшесіндегі  300 орындық орта мектеп, облыстық бюджет қаражаты есебінен 428 оқушыға 4 мектеп (Байзақ ауданы Ақшолақ ауылындағы 120 оқушыға арналған орта мектеп, Жамбыл ауданы Бірлесу - Еңбек ауылындағы 140 оқушыға арналған орта мектеп, Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 оқушыға және Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп) пайдалануға берілді.

2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Жамбыл ауданы Түрксіб ауылында 300 орындық орта мектеп құрылысы жалғасуда.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы №3 Байзақ колледжінің асхана және спорт залының, Жуалы ауданындағы Қарабастау ауылындағы Қошманбетов атындағы орта мектепке жапсарлас спорт залының(қазандығымен), Сарысу ауданындағы Үйым ауылындағы Сүлейменов атындағы орта мектепке спорт залын, Шу ауданындағы Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы мектепке спорт зал, асхана, технология кабинеті, шеберхана және мектеп қазандығының жапсарлас құрлысы,  Тараз қаласындағы ақыл-ойы дамуында  кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп - интернатына спорт залы, өндірістік шеберханалар, азық-түлік және басқа  тауарларды сақтау қоймалары және табиғи газбен жылытатын монша құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ, 2019 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 4 мектептің құрылысы басталды (Қордай ауданы Қалғұтты ауылында 180 орындық, Қордай ауданы Күнбатыс-2  ауылында 150 орындық, Шу ауданы Бірлікүстем ауылындағы 300 оқушыға арналған, Шу ауданы Алға ауылында 300 оқушыға арналған орта мектептер).

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 9 оқушыны құрайды, ауылдық жерде - 8. Жалпы облыстың барлық мектептері Интернет желісіне қосылған, 385 мектепте  2138 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне  442 (100%) мектеп қосылған, барлық 442 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілді.

2019 жылдың 1 желтоқсанына  облыстағы 542  мектепке дейінгі ұйымдарда    (401 балабақша, 141 шағын орталықтар) 56,1 мың бала немесе   86,0%   (1-6 жас) тәрбиеленуде, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 2 пайыздық тармаққа өскен. 

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2019 жылы 11,5 млрд. теңге бөлінді және 9,1 млрд. тенге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 3,3 млрд. теңге.

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 3,1 млрд. теңге (оның ішінде РБ қаражаты – 2,7 млрд. теңге, ЖБ - 0,4 млрд. теңге) көзделген.

2019 жылдың 1 желтоқсанына республикалық  және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.

Есепті кезеңде туберкулезбен аурушаңдық, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары, наркологиялық аурушаңдығы, психикалық бұзушылықтар және қан айналым жүйесі аурулары төмендеген.