Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



31 Қазан 2019 | «АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 108 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Жауынбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.

Спикердің айтуынша, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында облыстың 3 аудан орталықтарында, республикалық бюджеттен бөлінген 2,77 млрд.теңгеден - 108 жоба жүзеге асырылады, соның ішінде: - 4 жоба бойынша (884,5 млн. теңге) әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде:

1) Жамбыл ауданы Аса ауылындағы әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы (366,6 млн. теңге);

2) Шу ауданының орталық аудандық ауруханасына жапсарлас ғимаратының құрылысы (217,9 млн.теңге.);

3) Шу ауданы Төле би ауылында «Мәдениет үйінің» құрылысы (100,0 млн. теңге);

4) Шу ауданы Төле би ауылында әмбебап залы бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы (200,0 млн. теңге).

Барлық жобалар бойынша жұмыстар басталды, 85 жоба аяқталды, 4 жоба 2020 жылға дейін аяқталатынын жоспарланған.

111