Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



24 Қазан 2019 | Ақпарат

Бүгін (24.10.2019ж.) «Өңірлік коммуникациялар қызметі» Жамбыл облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесе отырып, кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Басқарманың негізгі жұмысын таныстыру мақсатында, басқарма басшысының бюджет мәселелері жөніндегі орынбасары Сандуғаш Абдралиева, жоспарлы кезеңге бюджетті қалыптастыру және бөлу туралы, ал экономикалық мәселелер жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Надира Жолдасбекова өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асырудағы салааралық үйлестіру туралы айтып берді.

Басқарманың негізгі міндеті - аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, жергілікті бюджетті қалыптастыру, сондай-ақ аймақтық саясатты іске асыруды және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.

Сондай-ақ, басқарма әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мониторингін жүргізеді, ауылдық елді мекендерді дамытуға жәрдемдеседі және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қарастырады.

2 1