Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

23 Қыркүйек 2019 | «Ауыл - Ел бесігі»

 

Облыста 373 ауылдық елді мекен бар. Онда халықтың 60 пайыздан астамы тұрады. Олардың 80 пайыздан астамы тіректі елді мекендерде және жақын маңдағы серіктес ауылдарда қоныстанған.

Өңірдің өсіп-өнуіне мүмкіндік беретін ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шегінде жұмыстар басталды.

2019 жылы облыстағы тіректі 3 аудан орталығында 2,77 млрд.теңгеге іске асырылып жатқан 108 жобаның 4-уі әлеуметтік нысандар құрылысына,              104-і әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеуге бағытталған. Бұл инфрақұрылымды, экономиканы және ауыл тұрғындарының әлеуметтік-мәдени өмірін кешенді дамытуды қамтамасыз етеді.

 Ауылдық жерлерге мамандарды тарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылы ауылдық жерлерге келген 657 маманға көтерме жәрдемақысын төлеуге аудандық бюджет есебінен 206,0 млн.теңге, 256 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несиелер республикалық бюджет есебінен 969,6 млн.теңге қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында 2020 жылдан бастап аталған жоба аясында жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беруге шығындарды 35 пайызға ұлғайту тапсырылды.