Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



28 Маусым 2019 | «Қарапайым заттар экономикасы»

Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы №70 өкіміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмі бекітілді.

Ауылдық округ әкімдерінің жұмысына зерделеу жүргізу аясында бекітілген кестеге сәйкес үстіміздегі жылдың 19-27 маусым аралығында Меркі, Қордай, Жамбыл Т.Рысқұлов және Сарысу аудандарының ауылдық елді мекендері тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында топ жетекшісі облыс әкімінің орынбасары Н.Календеровпен бірге әрбір ауылдық округтің тұрмыс-тіршілігін арттырудың жолдарын талқылау үшін халыққа келген мақсатымызды түсіндіріп, халық арасында Жұмыс тобымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмі және «Қарапайым заттар экономикасы» мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқыладық.

Кооператив ашу мәселесі қызу талқыланды. Несие, грант туралы түсінік берілді. Қосалқы шаруашылықтарды тиімді пайдаланған жағдайда ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі  жақсарады.

Шараны жалғастыру мақсатында жұмыс тобының құрамында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары ағымдағы жылдың 28 маусымында Талас ауданының елді мекендерінде іссапармен болды. 

  image001 image003

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика

және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Жауынбекова