Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



28 Маусым 2019 |

«Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жамбыл облысына республикалық бюджеттен 2,77 млрд.теңге бөлінді. Облыста 163 перспективалы ауылдар тізімі бекітілді. 2019 жылға 3 аудан орталығы белгіленді (Байзақ– а.Сарыкемер, Жамбыл–а.Аса, Шу–а.Төлеби), онда 108 жоба іске асырылатын болады.

- 4 жоба (420,0 млн.тг.) әлеуметтік нысандар құрылысына;

- 104 жоба (2,35 млрд.тг.) әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеуге бағытталды.

30.04.2019 жылы облыстық бюджетті нақтылау жүргізілді, қаржы отырғызылды.

Жобаларды іске асыру бойынша «Қадамдық іс-шаралар жоспары» бекітілді. Сонымен қатар, әр жоба бойынша жол картасы әзірленді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері толық 108 жоба бойынша жарияланды. Құрылыс, жөндеу жұмыстарын бастау және аяқтау, нысандарды пайдалануға беру бекітілген Жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

- 104 жоба бойынша жөндеу жұмыстары тамыз-қазан айларында аяқталады. 

- 4 жобаның құрылысы 2020 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылға белгіленген 3 елді мекенді дамыту бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда болады.