Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



28 Маусым 2019 | 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні мерекесінің атап өтілуіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өз міндеттерін үлгілі орындап, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін бірқатар қызметшілер марапатталды.

23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні мерекесінің атап өтілуіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының өз міндеттерін үлгілі орындап, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін бірқатар қызметшілер марапатталды.

Атап айтсақ;

- басқарманың мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы - Сеиіт Серікұлы Календеров Жамбыл облыстық мәслихаттың Құрмет Грамотасымен,

- бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы - Амангелді Әбдіқадырұлы Құлдүйсенов және жинақтау-талдау бөлімінің бас маманы - Динара Ғабдуллақызы Сағымбаева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, мерекеге орай басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында «Менің мемлекеттік қызметтегі жолым», «Мемлекеттік қызметке қалай келдім», «Мемлекеттік қызметші болуымның себебі» тақырыбындағы үздік эссе байқауы өткізілді.

1-ші орынды басқарманың әлеуметтік сала шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы - Айнұр Бекболатқызы Нысаналиева;

2-ші орынды инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы - Әскер Асхат Мұхитұлы;

3-ші орынды бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы - Бейбіт Зикенұлы Тұтқабаев иеленді.

Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері басқарма басшылығы тарапынан марапатталды.   

111