Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



28 Маусым 2019 | Жамбыл облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру барысы туралы

 

Дипломмен ауылға бағдарламаның басты мақсаты - ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету болса, бұдан бөлек жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.

Бүгінгі таңда, 2019 жылғы бюджетті бекіту барысында бағдарлама аясында 256 маманға тұрғын үй сатып алуға арналған 0,01%-бен 15 жылға 1500 еселік айлық көрсеткіш (3 787 500 теңге) көлемінен аспайтын жеңілдетілген несие қарастырылған.

Денсаулық саласы бойынша – 63 маман, Білім саласы бойынша – 151 маман, Әлеуметтік қамту саласы бойынша – 4 маман, Мәдениет саласы бойынша – 7 маман, Спорт саласы бойынша – 11 маман, Агроөндірістік кешен саласы бойынша – 20 маман.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында бюджеттік кредиттер 86 маманға, бір реттік көттерме жәрдемақы 260 маманға беріліп, тиісті қаржымен қамтамасыз етілді. Бұл, аталған жұмыстар жас мамандарды қолдай отырып, ауылдық жердегі кадр тапшылығын шешуге бағытталған тиімді жоба болып саналады.