Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



20 Маусым 2019 | Құрметті Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері!

 

23 маусым Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуіне орай басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында «Менің мемлекеттік қызметтегі жолым», «Мемлекеттік қызметке қалай келдім», «Мемлекеттік қызметші болуымның себебі» тақырыбындағы үздік эссе конкурсы өткізілетіндігін хабарлаймыз!

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

- Мемлекеттік қызметшілердің рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық қабілетін арттыру;

- Жастардың мемлекеттік қызметке деген көзқарастарын айқындау және белсенді атсалысуына ықпал ету.

Конкурсты өткізу тәртібі:

- Конкурсқа басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілер қатыса алады;

- Қатысушылардан түскен жұмыстар персоналды басқару қызметінде жинақталып, арнайы құрылған Қазылар алқасының талқылауына тапсырылады;

- Қазылар алқасы Басқарма басшысы, Басқарма басшысының орынбасарлары және кәсіподақ төрайымынан тұрады.

Жолданатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

- Эссе көлемі 2 парақтан аспау қажет;

- Жазбаның шрифті Times New Roman 14 нұсқамен жазылу керек.

Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:

Конкурс жеңімпаздары басқарманың атынан сыйлықтармен марапатталады.

Конкурсқа қатысатын эсселер 2019 жылдың маусым айының 21-не дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы мен марапаттау уақыты қосымша хабарланады.

 

Эссе жазушы туралы қосымша мәлімет

 

Аты-жөні:                                                                                             .

Лауазымы:                                                                                           .