Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



16 Тамыз 2018 | 2018 жылдың 10 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді

2018 жылдың 10 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Гүлдана Әлімжанқызының ақпараты бойынша, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. 

Бірінші тоқсанның қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд.теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті. Бұл, республикада алдыңғы үштік қатарындамыз деді, - ведомство басшысы.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,6%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 3,4 пайызға жоғары (ҚР-5,2%).

Осы саладағы оң динамикаға индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындармен 13,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 2018 жылдың аяғына дейін осы бағдарлама аясында индустриалды-инновациялық даму құны 16,9 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, мұнда 947 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

2018 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы және 7 үйді қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, 15 тұрғын үй осы жылдың екінші жарты жылдығында тапсырылады.

Сондай-ақ, Г.Жауынбекова 2018 жылғы 1 шілдеге облыс бюджетіне 124,3 млрд.теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 103,5%-ға орындалып, өзіндік кірістер 28,0 млрд.теңгеге немесе 117,7%-ға қамтамасыз етілгендігін атап өтті. Бюджетке 41,9 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 113% құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға артты деді, - облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.