Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

24 Тамыз 2020 | АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

картинка для статьи АЕБ,ДКЗ Жалпы Жамбыл облысында 153 ауылдық округте 367 ауылдық елді мекен бар, онда халықтың 60,3%-ы тұрады, 684,3 мың адам.

Бүгінгі таңда, ауылдағы халықтың тұрмысын және өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Ауылдық елді мекендердегі басым жобаларды қаржыландыру мақсатында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Экономикалық зерттеу институты және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізіп, 67 тіректі, 167 спутниктік және 4 шекара маңындағы даму деңгейі жоғары перспективті (стратегиялық маңызды) ауылдар тізімін әзірледі. Бүгінге, аталаған ауылдық елді мекендердің даму паспорттарын өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.   

2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі»  арнайы жобасы аясында облыстың 7 ауданында (барлығы 29 ауылдық елді мекен, оның ішінде 11 тіректі, 18 спутниктік) 7,4 млрд.теңгеге 109 жоба іске асырылуда. Барлығы 109 жобаның 15 жобасы құрылыс нысандарына, 10 жобасы күрделі жөндеу жұмыстарына, 84 жоба жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына бағытталған.

 Бүгінгі таңға, 15 нысан толығымен  аяқталып, 25 нысан аяқталу сатысында (іске қосу және атқарылған жұмыстар бойынша актілер әзірленуде).

Мемлекет басшысы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін де ешқашан ескерусіз қалдырған емес. Бүгінге іске асырылатын жобалар аясында 1200 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған болатын. Үстіміздегі жылдың 7 ай қорытындысымен 1 113 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы аясында жалпы құны 61,2 млрд. теңгені құрайтын 831 нысан бой көтеруде.  Бұл Карта халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленді және қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.

Іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар келесі 4 бағыт бойынша әзірленді:

-әлеуметтік-мәдени нысандары - 180 жоба;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 200 жоба;

-инженерелік-көлік инфрақұрылым - 327 жоба;

-елді мекендерді абаттандыру - 124 жоба.

Жобалар аясында 18 мың 745 жаңа жұмыс орындарын құру  көзделген (о.і: 1119 тұрақты). Бүгінге құрылғаны – 9328.

Атқарылған және атқарылатын жұмыстар өз кезегінде ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартып, көрсетілетін мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігін арттырады, көліктік, мәдени-демалыс, спорттық және басқа да инфрақұрылыммен  қамтамасыз етілу көрсеткіштерін арттыруға мол мүмкіндік беретін болады.