Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

16 Шілде 2020 | Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының сөзі

12020 жылдың 16 шілдесінде Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова облыс әкімінің тапсырмасының аясында 2020 жылғы қаңтар-маусымда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында сөз сөйледі.

 

 

Спикер Г. Жауынбекова:

 

Құрметті ақпарат құралдарының өкілдері!

 

Мемлекеттік бағдарламалардың көмегінің нәтижесінде облыстың әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері былтырғыдан және орташа республикалық деңгейден жоғары қалыптасты.

6 айдың қорытындысымен экономикалық өсім 101% құрады. Атап айтқанда, сауда мен көліктен басқа өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артты. 

250,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 10,9%-ға артты. 139,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, 6,4%-ға ұлғайды.      

Инфляция деңгейі 104,2%-ды құрады, жұмыссыздық деңгейі 4,8%. 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5% құрады (237,5 млрд.тг). Өнеркәсіп құрылымындағы 73% өнім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Саладағы өсімге кен өндіру өнеркәсібінің 3,1%-ға, электрмен жабдықтау 8,6%-ға, сумен жабдықтау 11,6%-ға артуы есебінен қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінде 100% қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы өнімінің 2,7%-ға (71,5 млрд.тг.) өсуі өсімдік шаруашылығы өнімінің (6,3%) және мал шаруашылығының артуынан (2,6%)  қамтамасыз етілді.

Мал шаруашылығында ет өндірісі 2,2%-ға, сүт 1,9%-ға,  жұмыртқа 3,6%-ға өсіп отыр.

Мүйізді ірі қара мал басы 8,2%-ға, қой 3,2%-ға, жылқы 11,5%-ға, түйе - 4,9%-ға, құс 4,8%-ға артты.

139,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 6,4%-ға артты.

Медициналық бұйымдар өндіретін «Super pharm» ЖШС медициналық бұйымдар үшін шикізат өндіру цехын іске қосуда (құны - 4 млн.АҚШ доллар) және 2021 жылдан бірреттік медициналық шприцтер шығаруды жоспарлап отыр (құны - 1,8 млрд.тг). Ал, «Амир және Д» ЖШС-гі а.ж. қыркүйек айында экспресс–тесттер шығаруды бастайды, (құны -2,2 млрд.тг).

«Қарапайым заттар экономикасы» аясында 68,8 млрд. теңгеге 123 жоба несиелендірілді (Казфосфат» ЖШС-40 млрд. тг; «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС-18,7 млрд.тг; «АЛЕЛЬ АГРО» – 4,3 млрд.тг).

60 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 21,2%-ға өсті. Өсімге дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мемлекеттік бағдарламалармен қосымша бөлінген қаржының нәтижесінде қол жеткізілді. Облыста 1335 жобада құрылыс, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде, 250,7 мың шм тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артты.

Жыл соңына дейін 615,5 шм (2019ж.-507,4 шм) тұрғын үй пайдалануға берілетін болады, оның ішінде 2966 пәтерлі 53 көпқабатты үй (740 пәтерлі 19 арендалық, 1520 пәтерлі 22 кредиттік, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 706 пәтерлі 12 үй). 

Бұған қоса, баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлі 4 жатақхана пайдалануға берілді. Ал, асармен барлық аудандарда 100-ден аса үй салынғалы отыр. 

Құрылыс барысында облыстағы 13 түрлі құрылыс материалдарын өндіретін 112 кәсіпорын өнімі қолданылуда.

Ағымдағы жылы 1346,2 шқ облыс жолдарын жөндеуге 30,2 млрд.теңге, 556 шқ республикалық маңыздағы жолдарға 65,3 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде жұмыспен қамтудың жол картасы негізінде 741 шқ.   

Әлеуметтік көрсеткіштеріміз де жақсы қалыптасты. Мысалы; атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар 3,8 есеге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 1264 адамға, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 1800 адамға кеміді.

21 мың  жаңа жұмыс орны ашылды (жоспар - 16,1 мың), 9,6 мыңы тұрақты, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 20 мыңнан аса адам қамтылып, 17,3 мың адам жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 61,2 млрд. теңгеге  831 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, 15,8 мың жұмыс орны ашылды (жоспар - 19 мың).

«Ауыл - ел бесігі» жобасымен бөлінген 7,4 млрд. теңгенің есебінен 15  жаңа әлеуметтік нысандар салынуда, 10 нысан күрделі жөнделуде, 84 ауыліші жолдары орташа жөнделуде. 1 мың жұмыс орны ашылды.  

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде орташа жалақы 28,3%-ға (144 мың тг), табыс17,3%-ға артты (77,4 мың тг).

 

Назарларыңызға рақмет !

Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын !