Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

9 Маусым 2020 | Басшының сөзі

31232020 жылдың 9 маусымында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова облыс әкімінің тапсырмасының аясында облыста «Ауыл-Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында сөз сөйледі.

  

 


Спикер Г. Жауынбекова:

 

Құрметті ақпарат құралдарының өкілдері !

 

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерлердегі әлеуметтік ахуалды жаңғырту және өңірлердегі еңбек идеясын насихаттау міндетін қойды.

Бүгінге өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асырылуда.

Облыстағы 372 елді мекенде 1 133 мың тұрғын бар, оның 368ауылдық елді мекендер, онда 683 мың халық тұрады. 368 ауылдық елді мекеннің 67тіректі,  167спутниктік, 4стратегиялық маңызды, қалған 130-ы даму әлеуеті орташа/төмен елді мекендер.

Республика деңгейінде «Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы» 6 министірліктің бірлескен бұйрығы әзірленді. Бұл жүйе елді мекендердің инфрақұрылымға, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін, яғни тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту көрсеткіштерін белгілейді.

Әкімдердің жұмысы осы тұрғыдан бағаланады.

Жоба аясында 2019 жылы облыстың 3 аудан орталығында 2,7 млрд. теңгеге 108 жоба іске асырылды. (Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы, Жамбыл ауданы Аса ауылы, Шу ауданы Төле би ауылы) оның ішінде 104 жоба іске асырылып, әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандары жөнделді. Сондай - ақ, 4 әлеуметтік нысан құрылысы бүгінгі күні жалғасын табуда.

Жамбыл ауданы Аса ауылында әмбебап залы бар спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы, Шу ауданының орталық  аудандық ауруханасына емхана ғимаратын жалғай салу, Төле би ауылында «Мәдениет үйі» нысанын және әмбебап залы бар спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы.

Жобаларды жүзеге асыру барысында 500-ден аса уақытша жұмыс орындары құрылды. Ал, жоғарыда көрсетілген 4 жобаның құрылысы ағымдағы жылы аяқталғаннан кейін 85 тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады.

2020 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстың 7 ауданында, 29 ауылдық елді мекенге 7,4 млрд.теңгеге 109 жоба іске асырылуда.

109 жобаның 15 жобасы жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы:

-      2 жоба білім нысандары;

-      1 жоба денсаулық сақтау нысаны;

-      3 жоба мәдениет нысандары;

-      9 жоба спорт нысандары.

10 жобасы әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу жұмыстары:

-      9 жоба білім нысандары;

-      1 жоба спорт нысаны.

84 жобада жолдарды орташа жөндеу жұмыстары (138,9 км).

7 аудан бойынша:

1. Байзақ ауданы, 2 тіректі (Сарыкемер және Бурыл ауылдары), 3 спутниктік ауылдарымен (Құсақ, Байзақ, Қостөбе).   

2. Жамбыл ауданы, 1 тіректі Аса ауылы, 5 спутниктік ауылдарымен (Рахат, Бірлесу-Еңбек, Еңбек, Құмтұйын, Қаракемер).

3. Жуалы ауданы,1 тіректі Нұрлыкент ауылы.   

4. Қордай ауданы, 3 тіректі (Қордай, Бетқайнар және Отар ауылдары).

5. Меркі ауданы, 2 тіректі (Меркі және Ақарал ауылдары), 6 спутниктік ауылдарымен (Қазақдихан, Жамбыл, Плодовоягодное, Екпінді, Ойтал, Тескентоған).   

6. Сарысу ауданы, 1 тіректі Саудакент ауылы, 2 спутниктік ауылдарымен (Жаңаталап, Ұйым).   

7. Шу ауданы, 1 тіректі Төле би ауылы, 2 спутниктік ауылдарымен (Алға, Бірлік).  

Нәтижесінде, аталған жобаларды жүзеге асыру барысында 1200 аса уақытша жұмыс орындары құрылып, 129,5 млн. теңге салық түсетін болады.

 

Құрметті журналисттер !

 

Бүгінгі күнге 109 жобаның жеңімпаздары анықталды. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

 

Назарларыңызға рақмет !

Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын !