Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

12 Мамыр 2020 | м

"Дипломмен ауылға" жобасы еліміздің барлық облыстарында он жыл бойы жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру кезеңінде Жамбыл облысы бойынша 1590 маман әлеуметтік қолдауды   алды және біздің ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасты.

Оның ішінде ауылда жұмыс істейтіндер: Денсаулық саласы бойынша – 347 маман, Білім саласы бойынша – 1 027 маман, Әлеуметтік қамту саласы бойынша – 6 маман, Мәдениет саласы бойынша – 51 маман, Спорт саласы бойынша – 40 маман, Агроөндірістік кешен саласы бойынша  – 119 маман.

Жобаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандары (дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, ветеринарлар, кітапханашылар, агрономдар және т.б.), сондай-ақ аталған білімі бар, қалалар мен өзге де елді мекендерде тұратын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға ниет білдірген мамандар қатыса алады.

Дипломмен ауылға бағдарламаның басты мақсаты - ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету болса, бұдан бөлек жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.

Әлеуметтік қолдау шаралары екі бағытта іске асырылады:

Бірінші – көтерме жәрдемақысын беру. Ол 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 277 800 теңге;

Екінші - тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 0,01%-бен 15 жылға бюджеттік кредит беру. Ол 1500 есептік көрсеткіш көлемінде – 4 167 000 теңге құрайды. Бұл бағыт аясында сатып алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метр құны 46 айлық есептік көрсеткіштен немесе 127 788 теңгеден аспауы керек. Ал, тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселік мөлшерінен аспауға тиіс.

Жоба бойынша шарт жасасқан маман ауылдық жерде кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесін өзіне алады.

Жамбыл облысында 2019 жылға бағдарлама аясында 268 маманға бюджеттік кредиттер беріліп 969 170,9 мың теңге игерілді. (Оның ішінде; Байзақ ауданы 8 маманға - 30 300,0 мың теңге, Жамбыл ауданы 22 маманға – 83 325,0 мың теңге, Жуалы ауданы 19 маманға - 66 050,3 мың теңге, Қордай ауданы 38 маманға -138 439,7 мың теңге, Меркі ауданы 12 маманға – 45 245,4 мың теңге, Мойынқұм ауданы 22 маманға - 79 538,0 мың теңге, Т.Рысқұлов ауданы 43 маманға – 162 862,5 мың теңге, Сарысу ауданы 30 маманға - 90 900,0 мың теңге, Талас ауданы 12 маманға - 37 685,0 мың теңге, Шу ауданы 62 маманға - 234 825,0 мың теңге).  

Біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 604 маманға 122,6 млн. теңге көтерме ақы берілді.

2020 жылға 599 маманға 163,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 260 маманға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 033,9 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылды.