Cайттағы сауалнама

Келулер статистикасы
Видео
9 Мамыр 2020 | Ақпарат
Бүгін Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова Ұлы Отан соғысының ардагері Бердәлі Карымсаковтың үйіне арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Г.Жауынбекова: «Сізді Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Адамзат баласына зор қасірет әкелген сұрапыл соғысқа тойтарыс беріп, бейбіт өмірге жол ашқан өздеріңіздей ардагерлеріміздің асқан ерлігі мен ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды» деді. Сый-құрмет ретінде ардагерге азық-түлік себетін табыстады. Өз кезегінде Бердәлі ата өзінің соғыстағы және кейінгі бейбіт өмірдегі әңгімелерімен бөлісті, ризалығын білдіріп ақ батасын берді.
Пайдалы сілтемелер








8 (7262) 43 44 35














