Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

6 Мамыр 2020 | Қордай ауданының ифрақұрылымдық жобаларына бөлінген қаржы туралы ақпарат

Жамбыл облысы Қордай ауданына 2020 жылы жалпы бюджеттен келесі бағдарламалар шегінде 331 жобаға 19,1 млрд. теңге бөлініп отыр.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 1,1 млрд. теңге бөлінді, оған ұзындығы 7,4 шақырым «Аухатты-Байтерек» автокөлік жолының құрылысын аяқталып, аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөнделеді («Қақпатас-Беріктас» 5 шқ, «Алға-Көгадыр» 9 шқ, «Бетқайнар-Соғанды» 23,7 шқ).

«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 666,1 млн. теңге бөлінді, оған 50 пәтерлі 1 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жаңа тұрғын алқаптарға инфрақұрылым (газ, су, жарық) тартылады. 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Кенен ауылындағы су қабылдау жүйесін қайта жаңғыртуға 132,5 млн. теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында 178 ифрақұрылымдық жобаға 10,4 млрд. теңге бөлінді. Оған;

Бірінші: Құны 647,2 млн.теңгені құрайтын 9 әлеуметтік сала жобалары; 1 мектеп күрделі, 21 мектеп 3 әлеуметтік сала нысаны ағымдағы жөндеуден өтеді.

Екінші: Құны 7,4 млрд.теңгені құрайтын 39 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандары, оның ішінде; 50 пәтерлі 2 тұрғын үй, 60 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады. 5 жобада жаңа тұрғын алқаптарға инфрақұрылым (жол, су, жарық) тартылады.

Қаракемер ауылының су жүйесі  жөндеуден өтіп,  2 елді мекенге (Арал, Өтеген ауылдары) сумен қамтамасыз етіледі.

2 млрд.теңгеге 5 елді мекенге (Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Бұлар Батыр) ішкі газ жүйелері тартылады. 1 мәдениет үйі мен 1 мектеп қазандықтары газға қосылады.

Электрмен жабдықтау саласында 24 жоба жүзеге асып, Қордай және Әльжан ана ауылдарына көше жарықтары орнатылып, қалпына келтіріледі.

Үшінші: 2,4 млрд. теңгеге ұзындығы 143,3 шақырымды құрайтын  ауыл іші көшелері, қиылыс жолдары мен 525 млн. теңгеге тротуарлар жөнделеді.

Төртінші: 88,5 млн. теңгеге көшелер абаттандырып, балаларға арналған ойын алаңшалары мен шағын футбол алаңшалары орнатылатын болады.

«Ауыл –Ел бесігі» жобасы аясында да Қордай ауданының инфрақұрылымын дамытуға 1,8 млрд. теңге бөлініп отыр. Осы жылы Қордай, Бетқайнар, Отар ауылдарында жаңа спорт кешендерінің құрылысы басталады. Қордай ауылында ұзындығы 52,8 шақырымды құрайтын  көшелер жөндеуден өтеді.

«Жамбыл облысын дамыту» бағдарламасы бойынша өұны 3 млрд.теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылады; 3 мектеп (180 орындық «Қалғұтты», 150 орындық Күнбатыс-2, 600  орындық орта мектептері) құрылысы жүргізіледі, 3 мектеп (№9 а.Аухатты, №20 а.Қарасай, №23 Альжан ана ауылындағы) ғимараты күрделі жөндеуден өтеді.

1 мәдениет үйі мен 6 білім нысандарының қазандықтары қатты отыннан газға ауыстырылады.

Сонымен қатар, жыл басында Қордай ауданында орын алған төтенше жағдай салдарын жою мақсатында республика Резервінен қосымша 2 млрд. теңге бөлінді.

Бөлінген қаржыға 5 елді мекендегі (Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Бұлар Батыр) ұзындығы 110,9 шақырымды құрайтын 96 ауыліші көше жолдарын жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Қарасай, Қарасу, Аухатты ауылдарындағы  3 денсаулық сақтау насандары күрделі жөндеуден өтеді.

 

Бұған қоса, облыстық бюджеттен осы ауылдарға (Қаракемер, Қарасу, Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Бұлар Батыр) бейнебақылау сатып алуға және орнатуға 50,9 млн.теңге бөлінді.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты іс-сапарға жіберілген 588 полиция департаментінің қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, қауіпсіздікті сақтауда жоғарғы деңгейде қызмет атқарғаны үшін 2 қаржылық  қамтылым төлеуге 473,4 млн. теңге бөлінді.