Cайттағы сауалнама

Келулер статистикасы
Видео
4 Мамыр 2020 | Коронавирусқа қарсы шараларды қаржыландыру туралы
Елімізде орын алған пандемияға қарсы шаралар аясында Жамбыл облысында келесі бағттарда қаржы бөлінді;
ШОБ қолдау бойынша шаралар
2020 жылдың 08 сәуірінде өткен республикалық бюджетті нақтылау барысында «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге облысқа 2 152,6 млн.теңге бөлінді .
Еңбек нарығын дамыту бойынша шаралар
2020 жылдың 08 сәуірінде өткен республикалық бюджетті нақтылау барысында облыстық бюджетке еңбек нарығын дамытуға қосымша 6 852,2 млн.теңге қарастырылды, оның ішінде жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына - 1 192,2 млн.теңге, NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар - 1 579,9 млн.теңге, қоғамдық жұмыстарға - 4 080,0 млн.теңге.
Пайдалы сілтемелер








8 (7262) 43 44 35














