Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

2 Мамыр 2020 | 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында Жамбыл облысына бөлінген қаражат туралы

"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 08 сәуірдегі №299-VI Заңының негізінде  Жамбыл облысына республикалық бюджеттен қосымша 41 946,1 млн. теңге трансферттер, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 27 943,7 млн. теңге, нысаналы даму трансферттері - 14 002,4 млн.теңге қарастырылды.

Нысаналы даму трансферттері бойыншашығындар 4087,2 млн.теңгеге қысқартылып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында  жобаларды  іске асыруға қосымша 2120,5 млн. теңге, «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында жобаларды іске асыруға - 15 969,1млн. теңге бөлінді.

Ағымдағы нысаналы трансферттербойынша:

төтенше жағдай кезеңінде күшейтілген режимде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз еткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге – 151,1 млн. теңге,

тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 150,0 млн.теңге,

басым дақылдардың өндірісін субсидиялауға – 482,0 млн.теңге,

тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға – 250,0 млн. теңге, 

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге - 2 233,5 млн. теңге,

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға – 700,0 млн. теңге,

мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға - 2 000,0 млн. теңге, 

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге - 2 152,6 млн. теңге,

орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 43,1 млн. теңге,

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға және шығыстардың осы бағыты бойынша жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген сомаларды өтеуге – 322,9 млн. теңге,

кепілдік берілген  әлеуметтік топтамаға, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге -                    5 644,1 млн. теңге,

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін  қызметтерге – 6,5 млн. теңге,

еңбек нарығын дамытуға 6 852,2 млн. теңге, оның ішіде жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына - 1 192,2 млн. теңге, NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге  жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар - 1 580,0 млн. теңге, қоғамдық жұмыс - 4 080,0 млн. теңге, 

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 15,9 млн. теңге,

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 284,1 млн. теңге,

денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға – 55,7 млн. теңге,

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және шығыстардың осы бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленген сомаларды өтеуге – 41,9 млн.теңге,

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында  жобаларды  іске асыруға 2096,9 млн. теңге, 

«Жұмыспен қамту» жол картасы аясында жобаларды іске асыруға 4 667,9 млн. теңгеқарастырылды.