Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

2 Мамыр 2020 | Төтенше жағдайға байланысты қабылданған шаралар туралы

Пандемия салдарынан жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыс бюджетінің шығындары 2 477,0 млн. теңгеге қысқартылды.

Оның ішінде:

- Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы тапсырмасын орындау мақсатында қысқартылған басым емес бюджет шығыстары -  256,1 млн.теңге;

(іс-шараларға, форумдарға, семинарларға, конференцияларға қарастырылған шығындар 157,8 млн. теңге, оның ішінде имидждік іс-шараларға шығындар – 21,1  млн. теңге,

көлік сатып алуға шығындар 72,8 млн. теңге, оның ішінде қызметтік автокөлік – 49,3 млн. теңге, 

жиһаздарды сатып алуға шығындар – 18,5 млн. теңгеге,  

іссапар шығындары – 7,0 млн. теңге)

іске асырылуын кейінге қалдыруға болатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша қысқартылған шығындар - 1 970,3 млн. теңге;

аудандар мен Тараз қаласы бюджеттерінің басым емес бюджет шығыстары -  250,6млн.теңге.

Оңтайландырылған бюджет қаражаты Қордай ауданында орын алған төтенше жағдай салдарын жоюға, пандемияға қарсы шараларды қабылдауға және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қайта бағытталды, оның ішінде: 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «орын алған төтенше жағдайға байланысты облыстық жергілікті атқарушы органдардың резервiн 10 пайызға дейін ұлғайту» жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыстық резервті ұлғайтуға - 2 000,0 млн. теңге;

Қордай ауданында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты іссапарға жіберілген 588 полиция департаментінің қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V Заңының 17 бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, қауіпсіздікті сақтауда жоғарғы деңгейде қызмет атқарғаны үшін 2 қаржылық  қамтылым және іссапар шығындарын төлеуге -  473,4млн. теңге;

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Қамқорлық» қоры жол картасындағы тапсырманы орындау мақсатында облыстық балалар ауруханасының жанынан балаларды оңалту бөлімшесін ашуға  - 99,0 млн. теңге.