Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

24 Ақпан 2020 | «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «Біз Елбасының «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Біз шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет. Өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендерге енгізу қажет.Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл қаражат көлік, ауызсу және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады. Қаржының жұмсалуы барлық мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болуы тиіс» деп атап көрсетті. 

Жолдау алға қойған осы міндетті орындау жолында былтыр облысымызда көп тірлік атқарылып, биыл жалғасын табуда. Елбасы-Тұңғыш Президентіміздің «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Байзақ ауданының Сарыкемер, Жамбыл ауданының Аса және Шу ауданының Төле би ауылдарында 3 миллиард теңгеге 24 әлеуметтік нысан, 43 километр 55 көше және 2 су құбыры жүйесі жөндеуден өтіп, 23 көше жарықтандырылды. Бұдан бөлек 4 әлеуметтік нысан құрылысы жүргізілді, бұл жобалар 2020 жылға өтпелі.

Жобаға енген үш аудан орталығындағы және облыс көлемінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды облыстық «Aq jol» газеті жүйелі түрде жазып келеді.

Президент Жолдауда алға қойған бұл міндет жалғасын табады. 2,5 миллиард теңгеге биыл құрылысы былтыр басталған 4 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау көзделуде. Бес ауылдық мекендегі барлығы 29 жобаға, оның ішінде 3 әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өткізіледі. Ұзындығы 52,8 километр 21 көшені жөндеу жоспарлануда.

Ал қосымша бөлінетін 3,4 миллиард теңгеге 24 ауылдық мекендегі 8 әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтіп, 6 көше жарықтандырылады, ұзындығы 63 километр 43 көше жөндеуден өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ 6 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы еліміз бойынша он жылдан бері жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында облыс бойынша 1644 маман әлеуметтік қолдауға ие болып, ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның басты мақсаты–ауылдық аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандықтармен қамтамасыз ету. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары екі бағытта жүзеге асырылып жатқанын атап өтсем деймін. Оның біріншісі – көтерме жәрдемақы беру. Ол 100 айлық есептік көрсеткіш – 265100 теңгені құрайды. Екінші – тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 0,01 процентпен 15 жылға бюджеттік кредит беру. Ол – 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 3976500 теңге.

Жоба бойынша шарт жасасқан маман ауылдық жерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Облыста өткен жылы бағдарлама аясында 268 маманға тұрғын үй сатып алуға несие берілді. Осы мақсаттарға республикалық бюджет есебінен 969,6 миллион теңге бюджеттік кредиттер бөлініп 969,2 миллион теңге игерілді. Биыл 608 маманға 161,2 миллион теңге көтерме жәрдемақыға және 260 маманға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 033,9 миллион теңге бюджеттік несие қарастырылды.