Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

20 Ақпан 2020 | Ақпарат

001-20"Дипломмен ауылға" жобасы еліміздің барлық облыстарында он жыл бойы жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру кезеңінде Жамбыл облысы бойынша 1644 маман әлеуметтік қолдауды алды және біздің ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасты:

-Денсаулық саласы бойынша – 355 маман,

-Білім саласы бойынша – 1 062 маман,

-Әлеуметтік қамту саласы бойынша – 6 маман,

-Мәдениет саласы бойынша – 54 маман,

-Спорт саласы бойынша – 39 маман,

-Агроөндірістік кешен саласы бойынша  – 128 маман.

Дипломмен ауылға бағдарламаның басты мақсаты - ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Оған мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары екі бағытта көрсетілуде:

Біріншікөтерме жәрдемақысын беру. Ол 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 265 100 теңге;

Екінші - тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 0,01%-бен 15 жылға бюджеттік кредит беру. Ол 1500 есептік көрсеткіш көлемінде – 3 976 500 теңге құрайды.

Жоба бойынша шарт жасасқан маман ауылдық жерде кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесін алады.

Жамбыл облысында 2019 жылға бағдарлама аясында 268 маманға тұрғын-үй сатып алуға несие берілді. Осы мақсаттарға республикалық бюджет есебінен 969,6 млн. теңге бюджеттік кредиттер бөлінді.

Жергілікті (аудандық) бюджет есебінен 604 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 122,6 млн. теңге берілді.

Ағымдағы жылда 608 маманға 161,2 млн. теңге көтерме жәрдемақыға 260 маманға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 033,9 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылды.

    «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында облыстың 3 аудан орталығында (Байзақ, а.Сарыкемер, Жамбыл –а.Аса, Шу-а.Төле би) 3 млрд.теңгеге 24 әлеуметтік нысан, 26 көше жарықтандырылады, 43 шқ 55 көше жөндеуден өтті.

2020 жылға жоспар:

-        құрылысы 2019 жылы басталған 4 әлеуметтік нысан құрылысын аяқтау;

-        5 ауылдық елді мекендегі 29 жобаға 2,4 млрд. теңгеге 3 әлеуметтік нысан, ұзындығы 52,8 шқ 21 көшені жөндеу;

-        қосымша бөлінетін 3,4 млрд.теңгеге 24 ауылдық елді мекендегі 63 жобаға 8 әлеуметтік нысан, 6 көшені жарықтандыру, ұзындығы 63 шқ 61 көшені жөндеу.

190905132100086a3562819i