Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

23 Сәуір 2020 | «Ауыл-Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы

1 2019 жылы «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында облыстың 3 аудан орталығында республикалық бюджеттен бөлінген 2 769,3 млн.теңгеге 108 жоба іске асырылды (Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылы, Жамбыл ауданы – Аса ауылы, Шу ауданы –Төле би ауылы), оның ішінде:

- 4 жобада (837,9 млн.тг.) әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізілді:

1) Жамбыл ауданы Аса ауылында әмбебап залы бар спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы (350,0 млн.тг.);

2) Шу ауданының Орталық  аудандық ауруханасына емхана ғимаратын жалғай салу (207,9 млн.тг.);

3) Шу ауданы Төле би ауылында "Мәдениет үйі" нысанын салу (90,0 млн.тг.);

4) Шу ауданы Төле би ауылында әмбебап залы бар спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы (190,0 млн.тг.).

- 104 жобада (1 931,4 млн.тг.) әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандары жөнделді:

1) Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы нысандары (25 жоба, 411,3 млн.тг.);

2) Әлеуметтік нысандар (24 жоба, 859,3 млн.тг.);

3) Көлік инфрақұрылымдары нысандары (55 жоба, 660,8 млн.тг.).

Жобаларды іске асыру бекітілген Жоспарға сәйкес жүргізілді.

Нәтижесінде, аталған жобаларды жүзеге асыру барысында 500-ден аса уақытша жұмыс орындары құрылды. Ал, жоғарыда көрсетілген 4 жобаның құрылысы 2020 жылы аяқталғаннан кейін бұл нысандарда қосымша тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады.

2020 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстың 7 ауданында (барлығы 29 ауылдық елді мекен, оның ішінде 11 тіректі, 18 спутниктік) 7,4 млрд.теңгеге 109 жоба іске асырылатын болады. Барлығы 109 жобаның 15 жобасы құрылыс нысандарына, 10 жобасы күрделі жөндеу жұмыстарына, 84 жоба жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына бағытталмақ.

Яғни 7 аудан бойынша:

1. Байзақ ауданы, 2 тіректі (Сарыкемер және Бурыл ауылдары), 3 спутниктік ауылдарымен (Құсақ, Байзақ, Қостөбе).   

  1. Жамбыл ауданы, 1 тіректі Аса ауылы, 5 спутниктік ауылдарымен (Рахат, Бірлесу-Еңбек, Еңбек, Құмтұйын, Қаракемер).
  2. Жуалы ауданы,1 тіректі Нұрлыкент ауылы.   
  3. Қордай ауданы, 3 тіректі (Қордай, Бетқайнар және Отар ауылдары).
  4. Меркі ауданы, 2 тіректі (Меркі және Ақарал ауылдары), 6 спутниктік ауылдарымен (Қазақдихан, Жамбыл, Плодовоягодное, Екпінді, Ойтал, Тескентоған).   
  5. Сарысу ауданы, 1 тіректі Саудакент ауылы, 2 спутниктік ауылдарымен (Жаңаталап, Ұйым).   
  6. Шу ауданы, 1 тіректі Төле би ауылы, 2 спутниктік ауылдарымен (Алға, Бірлік).  

2020 жылға жоспарланған 7,4 млрд.теңге қаражаттың бекітілген республикалық және облыстық бюджеттен (1 транш) 2,5 млрд.теңге қаражаты қаралды (оның ішінде 2,0 млрд теңге – республикалық бюджет есебінен, 0,5 млрд.теңге – облыстық бюджет есебінен).

Сонымен қатар, 2020 жылға республика бойынша қосымша 2 траншқа 55 млрд.теңге бөлінеді (Жамбыл облысына 4,9 млрд.теңге, оның ішінде РБ - 4,4 млрд.теңге, ЖБ – 0,5 млрд.теңге).

Анықтама үшін. «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасы шеңберінде қосымша 2 траншқа ұсынылған жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгеге 80 жобаны қаржыландыру бойынша:

Ағымдағы жылдың ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 2020 жылға қосымша 4,9 млрд. теңгеге (РБ – 4,4 млрд. теңге) 80 жоба ұсынылды (Жамбыл ауданында 475,0 млн. теңгеге 10 жоба, Байзақ ауданында 1741,3 млн. теңгеге  21 жоба, Жуалы ауданында 88,4 млн. теңгеге 1 жоба, Қордай ауданында 949,5 млн. теңгеге 3 жоба, Шу ауданында 277,3 млн. теңгеге 4 жоба, Меркі ауданында 707,9 млн. теңгеге 20 жоба, Сарысу ауданында 688,4 млн.теңгеге 21 жоба). 

Нәтижесінде 2020 жылы жүзеге асырылатын 109 жобада 1233 уақытша жұмыс орындарының құрылуы, ал салынатын нысандардың құрылысы біткеннен кейін 132 тұрақты жұмыс орындарының құрылуы күтілуде. Сонымен қатар, аталған жобалардан 815,0 млн.теңге көлемінде салықтық түсімдер түседі деп жобалануда.