Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Келулер статистикасы

Видео


http://tilalemi.kz/ https://sozdikqor.kz/ https://tilqural.kz/ http://balatili.kz/ https://qazlatyn.kz/ https://gurk.kz/ http://emle.kz/ http://atau.kz/ https://www.qazlatyn.kz/converter/text http://termincom.kz/ https://tilmedia.kz/

19 Сәуір 2020 | 2020 жылғы қаңтар – наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

WhatsApp Image 2020-04-19 at 13.40.39 Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2019 жылғы  9  ай қорытындысымен 1071,8 млрд. теңгені құрады (НҚИ -105,4%).

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен 104,1% пайызды құрады.

2020 жылдың қаңтар-наурызында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 97,9%-ды құрап, 114,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді (оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде – 13,1 млрд.теңге   (НКИ – 109,4%), өңдеу өнеркәсібінде – 81,0  млрд.теңге (96,1%).

Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 105,2% деңгейінде қалыптасты (28,8 млрд. теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 100% (0,4 млрд. теңге), мал шаруашылығында – 105,3% (28,4 млрд. теңге).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2,6%-ға артты (39,4 млрд. теңге).

Құрылыс көлемі 15,9 млрд. теңгені құрап, 8,7%-ға артты.

Тұрғын үй құрылысында 120,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (107,9%).

Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 103,1%-ды құрады (70,3 млрд,теңге).

Сонынмен қатар орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты жолаушы тасымалы 98,2%, жүк тасымалы 95% деңгейінде қалыптасты.

Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылдың наурыз айында 2019 жылдың желтоқсанына 102,1%-ды құрады, республикалық орташа деңгейінен 0,2% тармаққа төмен қалыптасты (ҚР – 102,3%). Азық-түлік тұтыну бағалары индексі – 103,5%-ды (ҚР – 103,6%), азық-түлік емес тауарлар - 101,7%-ды (ҚР – 101,4%), ақылы қызметтер – 100,5%-ды (ҚР – 101,4%-ға)  құрады. 

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019 жылдың 4 тоқсанында 75 мың теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 15,8%-ға, нақты – 9,9%-ға артты (2018 жылдың 4 тоқсанында - 65056 теңге, атаулы – 111,1%,  нақты-105,6%).

Орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың
4 тоқсанында 140 мың теңгені құрап, атаулы көріністе
22%-ға, нақты – 15,7%-ға өсті (2018 жылдың  4 тоқсанында – 114,7 мың теңге, атаулы - 7,2%, нақты -1,9%).

Жұмыссыздық деңгейі 2019 жыл қорытындысымен
4,8%-ды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді (2018 жылы  - 4,9%).