Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Cайттағы сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Нәтижелер
Сауалнамалар мұрағаты

Ауа райы

Келулер статистикасы

Видео



 

Құрметті сайтқа келушілер !

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сайтында Біз Сіздермен жолыққанымызға қуаныштымыз !

Жобаның мақсаты экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасының қызметтері туралы қызықтырған деректерді мүдделі пайдаланушыларға жол ашуда түпкілікті мүмкіндік беру болып табылады.

Басқармамыздың жұмысы экономикалық, бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару функцияларын атқаруға, Жамбыл облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді жүзеге асыруға бағытталған.

Сайтта облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы және облыстық бюджеттің негізгі параметрлері туралы жеткілікті толық мәліметтерді таба аласыздар.

Көлемі ауқымды мәліметтерді жариялау мүмкіндігі бар Басқарма сайтының жаңа нұсқасын жариялай отырып, біз пайдаланушылармен тығыз байланыста боламыз деген сенімдеміз.

Құрметпен,
басқарма басшысы                                     Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова

 


 

 

Жаңалықтар

17 Тамыз 2018 | JAMBYL

2018 жылдың 10 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова облыстық «JAMBYL» телеарнасындағы «Бірінші студия» бағдарламасының тікелей эфиріне шығып, атқарып отырған саласына қатысты мәселелер туралы баяндап берді.

16 Тамыз 2018 | 2018 жылдың 10 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді

2018 жылдың 10 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Гүлдана Әлімжанқызының ақпараты бойынша, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. 

Бірінші тоқсанның қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд.теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті. Бұл, республикада алдыңғы үштік қатарындамыз деді, - ведомство басшысы.

8 Маусым 2018 | 2018 жылдың 17 мамырында

2018 жылдың 17 мамырында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігі басқармалары және аудан әкімдігінің бөлімдері басшылары мен өкілдері арасында «Азия ShymСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Мекеме: Бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру» тақырыбында жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша семинар-таныстырылымын өткізді.

2 Мамыр 2018 | ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында

ҰОС-ның ардагерлеріне құрмет көрсету мен оларды ардақтау мақсатында 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ұжым атынан басқарманың жауапты қызметкері ҰОС-ның ардагері Бердәлі Қарымсақовты құттықтады және оған бағалы сыйлықтар тарту етті.

2 Мамыр 2018 | Ақ жол

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын күшейту мақсатында облыстық «Ақ жол» газетінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №19 (18513) нөмірінің (үшінші бетінде) басқарма басшысының «Парасатты қоғамға парақорлық жат» деген мақаласы жарияланды.

25 Сәуір 2018 | Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік қызметшілері «90 мың жаңа ағаштар» жалпы республикалық сенбілік акциясына қатысты

Мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орай және «20 игі іс» акциясы аясында, Тараз қаласының Құмшағал алқабында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік қызметшілері ағаш көшеттерін отырғызды. Осылайша басқарманың мемлекеттік қызметшілері Тараз қаласының гүлденуіне өз үлестерін қосты.

14 Сәуір 2018 | Сенбілік.

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Д.Қонаев көшесінің бойында сенбілік өткізді. Қызметкерлер сенбілікте талдар мен бордюрлерді әктеді және арықтардағы қоқыстарды тазалады, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.

14 Сәуір 2018 | 2018 жылдың қаңтар - наурыз айларының қорытындысымен экономиканың негізгі нысаналы индикаторлары бойынша оң динамика қалыптасты.

Өнеркәсіп саласындағы өсім - 16,5%, ауыл шаруашылығында - 4,2%, құрылыста - 31,0%, бөлшек саудада - 3,3%, байланыс қызметінде - 4,6% -ды құрады.

Беттер: 1 2 3 ...